Алматыда 105 жастағы қарияға күрделі ота жасалды

502

Алматыда 105 жастағы қартқа сәтті ота жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық басқармаға сілтеме жасап.    

Алматыда 105 жастағы қарияға күрделі ота жасалды Фото: gov.kz

105 жастағы Сайкүл Кейдарова жамбас сүйегінің жоғарғы бөлігін сындырып, №7 қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды. Операциясыз ол бұл ауырсынуды жеңе алмады және бұл диагноз ол үшін өлімге әкелуі мүмкін еді.

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының политравматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Рамазан Әскеровтың айтуынша, 1918 жылы туған науқасқа тексеруден кейін жамбас сүйегінің ығысуымен жабық ұсақталған пертрокантериялық сынығына ота жасалған. Қазіргі заманғы аз инвазивті хирургиялық араласу жасалды: жабық репозиция, проксимальды жамбас сүйектерінің остеосинтезі, гамма таяқшасы.

№7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, заманауи медицина әлдеқайда алға шықты. Арнайы металл құрылымдары мен жұмсақ анестезияны қолданатын аз инвазивті операция әжені сауықтыруға көмектесті.

"Біз науқастың өмірі үшін үлкен жауапкершілікті сезіндік және қартайған ағза наркозды қалай қабылдайтынына алаңдадық. Біз оның үйіне өз аяғымен оралуы үшін барлығын жасадық", - дейді қалалық жансақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.

Жамбас сүйегінің трокантериялық сынығы бар егде жастағы адамдарға медициналық көмек уақтылы көрсетілмеген жағдайда өліммен аяқталуы мүмкін. Қарт әжей операциядан  дәрігерлерге шын жүректен алғысын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу