Алматыда 11 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен демалып жатыр

744

Жедел-жәрдем қызметіне қоңырау шалушылар саны екі есе артты.

Алматыда 11 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен демалып жатыр

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлім етті.

"Эпидемия басталғаннан бері қалада жалпы 3 530 жағдай тіркелді. 2 178 адам сауығып, емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны – 23. Бүгінде қала стационарларында 1 398 науқас ем алып жатыр.

Ауырлық дәрежесі бойынша өте ауыр хәлде 19 адам, ауыр дәрежеде – 173, орташа дәрежеде – 1044 және қанағаттанарлық жағдайда 162 адам тіркеліп отыр", – деген басқарма басшысы шаһар стационарларында ем қабылдап жатқан науқастардың жай-күйіне тоқталды. 

"Тек өткен аптада ауруханаларға жатқызу мен жедел-жәрдем қызметіне қоңырау шалу саны екі есе артқан болатын. Талдау 20-29 жас аралығындағы адамдардың ең жиі жұқтыратынын көрсетеді – 35% жұқтырғандар, 60 жастан асқан адамдар – 9%. Жалпы динамикада дерттің ауыр және өте ауыр дәрежеде өтіп жатқан пациенттердің көбеюі байқалады. Бүгінгі күні өкпені жасанды желдету аппараттарына 11 науқас, өкпенің инвазивті емес жасанды желдетуге – 15 адам қосылды. Алматыдағы коронавирустық инфекцияға байланысты жағдай шиеленісті, бірақ бақылауда", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу