Алматыда 11 балдық кептеліс пайда болды

524

Бұған ауа райының қолайсызыдығы себеп болып отыр. 

Алматыда 11 балдық кептеліс пайда болды Фото: новые авто

Алматыда түстен кейін ауа райы күрт нашарлап, боран соғып, қар жауа бастады. Соның салдарынан қала көшелерінде көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалың қардың түсуіне байланысты қалада көлік кептелісі 10 балдық көрсеткіштерге жетті. Ол туралы мәлімет 2GIS сервисіне шықты.

Қала көшелерінің басым бөлігі, әсіресе әл-Фараби, Абай, Сейфуллин, Райымбек, Назарбаев даңғылдары, Желтоқсан, Сәтпаев, Мұқанов, Байтұрсынов, Төле би көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қызыл түсті көрсетіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу