Алматыда 12 адам туды өртегені үшін қамауға алынды

137

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 Алматыда 12 адам туды өртегені үшін қамауға алынды Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында полиция өзге мемлекеттің туын өртегендерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, 13 қарашада Ұйғыр ауданында тұрғындардың рұқсатсыз жиналуының жолы кесілді. Топ мүшелері шетел мемлекетінің туын және сол ел басшылығының фотосын өртеп, заңға қайшы әрекеттер жасаған.

Полицияның мәліметінше, материалдар сотта қаралғаннан кейін 12 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар алты адамға 20 АЕК көлемінде (78 640 теңге) айыппұл салынды.

Осы дерек бойынша араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет – заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу