Алматыда 12 мұз айдыны жұмыс істеп тұр

508

Оның төртеуі осы айда іске қосылады.   

Алматыда 12 мұз айдыны жұмыс істеп тұр Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған он екі мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Қазір шаһарда сегіз мұз айдыны ашылды, тағы төртеуі қаңтар айында іске қосылады.

Ауа райының жылы болуына байланысты мұз айдындары мұздың дайын болғанына қарай ашылады. Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады, жалға алу құны 1000 (2 сағат) теңге. Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындары тәулік бойы ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу