Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполисте салынып жатқан білім ордалары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазіргі уақытта қалада 12 мың 600 орындық 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар 8 мың 263 орындық 17 мектепке қосымша ғимараттар салынуда. Соның ішінде 1-қыркүйекте 9 қосымша ғимараттың құрылысы толық аяқталып, 4 мың қосымша орын қамтамасыз етіледі. Ал қалған құрылыс жұмыстары жыл бойы іске асырылып отырады", – деді Ләззат Жылқыбаева.
Сондай-ақ, шаһардағы 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.
"Бұған қоса №48 мектепті реконструкциялау, екі мектепте қосымша құрылыс салу жұмысы – №9 интернат пен №43 интернат, үш мектепте сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Осы білім ұйымдарының оқушылары басқа мектептерге ауыстырылады", – деді басқарма басшысы.
Құралай Құдайберген