Алматыда 12 мыңнан аса отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді

912

Шаһар басшысының орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 2019 жылы осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялап, алдағы жоспарлар туралы айтты.  

Алматыда 12 мыңнан аса отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді

2019 жылы Алматыда 12 183 отбасынға атаулы әлеуметтік көмек берілген. Сонымен қатар осы бағдаламаның жаңа тетіктері бойынша 50,4 мың адам кеңес алып, 15 455 отбасының өтініші қабылданған. Бұл туралы АӘК бойынша Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары айтты.

"АӘК әдеттегідей күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін болады. Ол үшін отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болуы керек", – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Бұл ретте шаһар басшысының орынбасары көп балалы отбасылар бөлек санатқа жатқызылатынын ескертті.

"Төрт және оданда көп кәмелеттік жасқа толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде білім алатын студент баласы бар отбасыларға табыс деңгейлеріне қарамастан әлеуметтік көмек тағайындалады деп жоспарланып отыр", – деді Алматы әкімінің орынбасары.

Осылайша жәрдемақы көлемі әр балаға 10625 теңгені құрамақ. Яғни төрт балаға – 42500 теңге, 5 балаға – 53125 теңге. Бұдан бөлек баспасөз мәслихатында Сапарбек Тұябаев баспанамен қамту мәселесі туралы сөз қозғады.

"Өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қолжетімді баспана беру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 661 көпбалалы отбасыға үй бөлінді, оның ішінде он пәтерді алуға демеушілер көмек көрсетті. "Бақытты отбасы" қалалық бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар үшін 284 пәтер алынды. Сонымен қатар биыл 500-ден астам отбасы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша баспанамен қамтамасыз етілмек", – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Шаһар басшысы орынбасарының сөзінше биылғы жылы "Бақытты отбасы" орталығы және әйелдерді кәсіпкерлікке баулитын "ІSKER ANA" бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. 

Естеріңізге сала кетсек, "Бақытты отбасы" орталықтары өткен жылдың тамызынан бастап қаланың барлық аудандарында жұмыс жасай бастады. Мұнда әйелдерді кәсіпкерлікке үйрететін "ІSKER ANA" бағдарламасы ашылған. 2019 жылы аталған жоба бойынша ұйымдастырылған сабақтарға (жеке тұлға, бала тәрбиесі, көшбасшы, отбасылық құндылықтар) 13 474 адам қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу