Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

1956

Ол Қазақстанға Германиядан ұшып келген.

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Алматыда 12 жасар қыздың коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

"Алматы қаласында тағы бір коронавирустық сынақ расталды. Науқас 2008 жылғы қыз бала. Ол елімізге Германиядан ұшып келген", – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Қазіргі уақытта Алматыда – жеті, Нұр-Сұлтанда – екі, барлығы тоғыз адамның вирус жұқтырғаны ресми хабарланды.

Еске салайық, елімізде 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдай 15 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу