Алматыда 120 мың адам алғаш рет латын әрпімен қазақ тілінде диктант жазды, деп хабарлайды 24.kz.
Жалпыхалықтық диктантқа мемлекеттік қызметкерлер, студенттер және оқушылар қатысты. Елбасының жолдауындағы латын әрпі туралы мәтін радио арқылы оқылды. Шараға қатысушылар жазған диктанттарын үлкен экрандағы дұрыс нұсқа бойыншы өздері тексеріп, білімдерін бағалады.
"Ереже жасалған. 108 баптан тұрады, тоғыз тараудан тұрады. Ереженің жобасы жасалды. Сол жоба қазір талқылау үстінде. Талқыланып біткеннен кейін ұсыныс, пікірлердің барлығы ескеріліп, үкіметтің қаулысымен ереже бекітілетін болады", - дейді қалалық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақыт Қалымбет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу