Алматыда 1200 балаға шақталған мектептің құрылысы аяқталуға жақын

699

Алматыда 1200 балаға шақталған мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту жөнінде көшпелі жиын өткізді, онда жуық арада жаңа әкімшілік орталықтың, 1200 орынға арналған мектеп пен күніне 500 және 200 адам қабылдайтын 2 емхананың құрылыс жұмысы аяқталмақ.

Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, биыл Қалқаман шағын ауданында, ұзындығы 17 шақырым 32 көшеде жаңа жол салу, ұзындығы 26 шақырым 22 көшеде орташа жөндеу жұмысы жоспарланған.

Бұдан бөлек, Саин көшесінен бастап Таусамал кентіне дейінгі аралықта Жандосов көшесінде күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысында көлік жүретін жолды төрт жолаққа дейін кеңейту, Қарғалы өзені арқылы өтетін көпірді қайта құру, веложолдар мен саяжолдар салу көзделген. Қала басшысына көшені күрделі жөндеу жұмысын қыркүйекке дейін мерзімінен бұрын аяқтау жоспарланғаны баяндалды.

Сондай-ақ, қала әкімі Ақжар шағын ауданында біраз уақыт жұмыс істемей келген балабақшаны ашу шарасын қабылдауды да тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу