Алматыда лаңкестік шабуылдар мен тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 1 237 адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық комендатураның ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
"Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 237 қатысушысы ұсталды. 31 бірлік атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блок-посттарда 38 адам ұсталды. "102" басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті", – деп хабарлады ақпараттық орталықта.
Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсіп, барлық хабарламалар өңделді.
Құралай Құдайберген