Алматыда 128 мың адам жұмысын қайта жалғастырады

656

Кәсіпорындардың санитарлық нормаларды сақтауы тексеріліп отырады.  

Алматыда 128 мың адам жұмысын қайта жалғастырады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматы қаласында жұмысын қайта жандандыратын кәсіпорындар туралы мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысын мәлімдеді.

"Сәуірдің үшінші декадасында өнеркәсіптің барлық салалары, қоймалар, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50%-ына дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді. Нәтижесінде Алматы қаласында 128 мың адам жұмысын жалғастырады",– деді министр.

Дәурен Абаевтің айтуынша, жұмысын қайта бастаған кәсіпорындарда санитарлық нормаларды сақтау бойынша арнайы хаттамалар дайындалалып, тұрақты түрде тексеріліп отырады. Егер кәсіпорын ол талапты бұзса, қатаң шектеу шаралары қолданылады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу