Алматыда 133 мың оқушыны тегін тамақпен қамтылады

2023 жылы осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 20,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген.

Алматыда 133 мың оқушыны тегін тамақпен қамтылады Фото: inbusiness.kz

Алматыда бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту жалғасады. Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жылы Алматы қаласы мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін ыстық тамақты ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін көрсетті.  

"2023 жылы осы мақсаттарға жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген, тегін тамақтануды болжамды қамту 133 мыңнан астам білім алушыны құрайды", - деді қала басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл Алматы әкімдігі Қазақ тамақтану Академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп "Оқушылардың денсаулығын басқару" мектеп тағамдарының жаңа моделін пилоттау жобасын әзірлеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу