Алматыда 133 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

830

Бұл кооперативтер қар түскелі бері аулаларын қардан тазартпаған. 

Алматыда 133 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда үй маңындағы қар мен көк мұзды тазаламаған 133 пәтердің иелері кооперативі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл кооперативтер қар түскелі бері аулаларын қардан тазартпаған. Қаладағы көгалдандыру және абаттандыру ережесіне сәйкес, барлық жүргінші және көлік жолдары, аула аумақтары қар түскен бойда тазалануы керек. Егер көктайғақ болса, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құм немесе тұз себілуге тиіс. Сонымен қатар, ПИК өкілдері шатырдағы мұз сүңгілерін де тазалауға міндетті.  

"Егер де ПИК өз жұмысын дұрыс атқармай жатқан немесе есеп бермеген жағдайда, сондай-ақ, аула тазаланбаса, шатыр төбесіндегі мұз алынбаса, онда тұрғын үй инспекциясының 225-04-14 және 225-14-43 телефон нөмірлеріне хабарласса болады", – деді Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы Жандос Қайырханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу