Алматыда 134 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

756

Ең көп тіркелген заңбұзушылық көше қиылысынан өтуге қатысты. 

Алматыда 134 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Алматы қалалық Полиция департаменті 2020 жылдың жеті айында жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша статистикалық деректерді ұсынды. Шаһарда жыл басынан бері 134 мың 206 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталған. 

Оның ішінде жаяу жүргіншілер арасында 5 мың 435, жүргізушілер арасында 128 мың 771 заң шеңберінен аттау фактісі тіркелді. Атап айтсақ, 713 адам мас күйінде көлік жүргізсе, төтенше жағдай жасау – 2 мың 695, ал қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу 192 рет аныталған. Ал ең көп, яғни 9 мың 905 рет тіркелген жол ережесін бұзу фактісі – көше қиылысынан өту ережелері бойынша. Бұған қоса алматылықтар арасында жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу сынды қарапайым заңбұзушылықтар да жиі орын алады екен. Сонымен қатар, қауіпсіздік белбеуін тақпау –5 мың 379, көлік тізгіндеп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу –3 мың 495, мемлекеттік нөмірі белгісіз көлік құралдарын басқару – 1 мың 326, түтін шығару нормаларынан асып кету – 4 мың 087 фактілері тіркелді. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу