Алматыда 30 желтоқсанда үйінен шығып, содан бері осы уақытқа дейін оралмаған 14 жасар жасөспірім іздестірілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2011 жылы туған жасөспірім Есенов көшесіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.
Аты-жөні: Тигран Шибаев. Оның үстінде қара күртеше, қара джинсы, ақ футболка, аяғында қою көк түсті кроссовка болған.
Сипаттары: Бойы – 170 см, арықша денелі, шашы – қоңыр-сұр.
"Жетісу ауданы полиция басқармасы қала тұрғыны – кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалу фактісі бойынша іздестіру ісін қозғады. Іздеу-шараларын үйлестіру үшін арнайы тергеу-оперативтік тобы құрылған. Іске полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен волонтерлік ұйымдар тартылған. Бұған дейін жасөспірім бірнеше рет үйінен кеткен. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып, оны табуға және үйіне қайтаруға бағытталған кешенді оперативтік-іздестіру шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция жасөспірімді іздеуге көмектесетін кез келген ақпарат болса, дереу "102" пультіне хабарлауға шақырады.