Алматыда 140 мыңнан астам тұрғын коммуналдық өтемақы алады

233

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы 1 сәуірге дейін халықтың әлеуметтік осал санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуді 0,8 АЕК мөлшерінде ұзарту туралы шешімді бірауыздан қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда 140 мыңнан астам тұрғын коммуналдық өтемақы алады Фото: mayak-vologda.ru

Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша "Инвестиция орнына тариф" бағдарламасы аясында 2023 жылдың шілдесінен бастап, жыл ішінде 0,8 АЕК мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем көрсетілді.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін ХӘОТ 9 санатының ішінен 140 мыңнан астам азамат алды.

"Біз коммуналдық инфрақұрылымның жоғары тозуы аясында тарифті көтерудің үлкен қажеттілігі бар екенін түсінеміз, бірақ бұл ретте Алматы әкімдігі үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау әрқашан басымдыққа ие. Көмектің осы түрін ресімдегендерге өтініш берудің қажеті жоқ, оларға әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылады", – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу