Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінде өткен онлайн брифинг барысында Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.
"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, жыл соңына дейін Алатау, Наурызбай, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан көшелер толығымен жарықтандырылады. Мердігер компания кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін 80 шақырым аумаққа желі тарттық. Жарықтандыруға арналған 7 мың кранштейн орнаттық. Қыркүйек айының соңына дейін шамдарды орната бастаймыз",– деді басқарма басшысы.
Әсет Масабаевтың сөзінше Алмалы, Медеу, Бостандық және Әуезов аудандарындағы 600 көшеге жарық келесі жылы тартылады.
"Өткен жылы 329 көшеге шамдар орнаттық. Сондай-ақ, ескі шамдарды LED шамдарға ауыстыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр", – деді ол.
Құралай Құдайберген