Алматыда 15-ке жуық адам ұсталды

1084

Алматының орталығына Жанболат Мамайды босатуды талап етіп, жиналғандар ұсталды.

Алматыда 15-ке жуық адам ұсталды

Демократиялық партияның басшысы Жанболат Мамайдың қамауға алынғанына қарсылық білдіріп, Алматының қақ ортасында митингіге шыққандардың 15-ке жуығы ұсталды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 10-15 адамды тәртіп сақшылары автобусқа отырғызып, алып кеткен.

Айта кетсек, бүгін заңды тіркеуде жоқ аталмыш партияның басшысы Жанболат Мамай халықты митингіге шақырғаны үшін 3 тәулікке қамауға алынған болатын. Оның жақтастары қаланың орталығына жиналып, босатуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу