Алматыда 15 мысық ұстайтын пәтерге көршілері шағымданды

Олардың сөзінше, пәтерден тараған өткір иіс бүкіл подъезге жайылған.   

Алматыда 15 мысық ұстайтын пәтерге көршілері шағымданды Фото: mail.kz

Тіпті, бұл жағдай тұрғындарға терезені ашып желдетуге де мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары бір пәтерде 15 мысық ұстайтын көршісіне қатысты полицияға шағым түсірді.

Демікпе дертіне шалдыққан тұрғындардың бірі жағымсыз иістің денсаулығына кері әсер етіп жатқанын айтып ашынады. "Қолқаны қапқан иістен ары-бері жүру мүмкін емес" дейді тұрғындар. 

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері пәтер иесімен байланысуға тырысса да, ол есікті ашпаған.

Енді аталған жағдайды полиция санитариялық және жануарларды қорғау саласына жауапты тиісті қызметтермен бірлесіп тексермек. Мамандар пәтердегі жануарларды күтіп-ұстау жағдайын және санитариялық талаптардың сақталуын бағалайтын болады. 

– Басты міндет – жануарларды тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін әрі көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының қауіпсіз және қолайлы ортада өмір сүру құқығын қорғайтын заңды әрі байыпты шешім табу, – деп жазды Алматы қаласының Полиция департаменті ресми парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу