Алматыда 150 індет ошағы бар

979

464 індет ошағынан шектеулер алынды. 

Алматыда 150 індет ошағы бар

Қала аумағында коронавирус инфекциясының 150 ошақ аймағы тіркелген. Шаһар басшысы қалада барлық індет ошақтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады. 

"Жалпы саны 613 инфекция ошағы болған. Оның 464-інен шектеулер алынды. Әзірге 150 подьезд, үй оқшауланды. Ең қиын жағдай 22 сәуір күні тркелді. Ол күні 132 инфекция ошағы тіркелген еді. Қазір індет жұқтыру көрсеткіші төмендеді", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Мегаполисте күніне 7 мыңға жуық үйдің кіре берісі дезинфекциялануда. Залалсыздандыру шараларына құрамында 400-ден астам адамы бар 64 бригада жұмылдырылуда. Сонымен қатар көшелер мен тротуар да арнайы сұйықтықтармен жуылуда. Карантин кезеңінде бұл жұмыстарға 21 724 мың литр ерітінді қолданылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу