Алматыда 1525 құтқарушы жұмыс істеудің ерекше режиміне ауыстырылды

695

355 құтқарушы мен өрт сөндіруші қала тұрғындарына тәулік бойы қызмет көрсетуге әзір.

Алматыда 1525 құтқарушы жұмыс істеудің ерекше режиміне ауыстырылды

Алматыда 1525 құтқарушы қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды, деп хабаралады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД басшысының орынбасары Арман Байелов.

"Алматы қаласында төтенше жағдай режимі жалғасуда. Қозғалыс бойынша шектеулер енгізілді. Біз барлығын үйде қалуға шақырамыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен 1525 құтқарушы қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды. Тәулік бойы жедел қолдануға 118 бірлік техника мен 355 құтқарушы және өрт сөндіруші дайын.

Біз қала тұрғындарын ТЖ режимінен хабардар етіп, ақпараттандыру үшін күніне 5 рет 510 телеарна мен 22 радиоарна арқылы ақпарат таратамыз", – деді Арман Байелов.

​Сонымен қатар, ол халықты қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

"Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларды өрт кезіндегі қолданылатын іс-әрекеттерге үйретіңіз. Ешқашан төсекте темекі тартпаңыз. Есіңізде болсын, темекі және алкоголь – өрттің шығуына себепкер белсенді заттар. Газ және электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз. Үйде немесе пәтерде газдың иісі шыққан кезде электржарығын қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз. Дереу бөлмені желдетіңіз, газ кранын жабыңыз және газ қызметін немесе құтқару қызметін шақырыңыз. Бұдан бөлек балкондарға (лоджияларға), сондай-ақ эвакуациялық шығу жолдары мен баспалдақтарға жиһаз, үй-жабдықтарын және басқа да жанғыш материалдарды​ қоймаңыз.

Сондай-ақ сымдарының дұрыстығын бақылаңыз, электр желісіне шамадан тыс сым​ қоспаңыз, қолдан жасалған электр аспаптарын қолдануға жол бермеңіз. Біз сізге және сіздің пәтер иелер кооперативтертер үшін бірнеше жадынамалар әзірледік. Қарапайым талаптарды мұқият оқып, сақтауыңызды сұраймыз. Есіңізде болсын, өртті сөндіруден оны ескерту оңай", – деді Арман Байелов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу