Алматыда 16 базар жаңартылуда

854

Бүгінде қалада 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнес жүргізіп отырған 52 базар жұмыс жасайды.

Алматыда 16 базар жаңартылуда

Алматыда соңғы жылдары дәстүрлі сауда заманауи өркениетті форматқа көшірілуде. Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

Спикердің хабарлауынша, бүгінде қалада 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнес жүргізіп отырған 52 базар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 28 базар жаңартылды. 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, жұмыс орындарының саны 3,4 мыңға артты.

Бүгінде 16 қалалық базар жаңғыртылуда, олардың төртеуінің жұмысы осы жылдың соңына дейін аяқталады. Олар: "Байсат", "Қазына", "Кенжехан" және "Барыс-4".

"Нәтижесінде, біз сауда жағдайын жақсартып қана қоймай, антисанитарлық және стихиялық сауданы да тоқтатамыз, базар қызметкерлері жұмыс берушілерден жалақы мен қажетті әлеуметтік аударымдарды ала алады, сауда қызметінен бюджетке салық аударымдары ашық болады", – деді Еркебұлан Оразалин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу