Алматыда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz..
Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, соңғы айларда аталған маршрутта жоспарлы шығу 30-40%-ға дейін төмендеп кетті. Сол себепті қызмет көрсетуді басқа тасымалдаушы компанияға беру туралы шешім қабылданды.
"16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылатын болады. Басқарма қызмет көрсету сапасын жақсартып, жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады", деп хабарлады басқармадан.