Алматыда 16 үздік "жасыл мектеп" анықталды

442

Байқаудың қалалық кезеңіне әр ауданнан екі мектептен өтті.  

Алматыда 16 үздік "жасыл мектеп" анықталды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда Қала күніне орай ұйымдастырылған "Үздік жасыл мектеп" байқауының аудандық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

28 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында мектептер экологиялық жобаларын ұсынып, экохабтар мен жылыжайлардың жұмысын, қалдықтарды бөлек жинау және ресурстарды үнемдеу тәжірибесін, сондай-ақ еріктілік бастамаларын таныстырды.

Іріктеу нәтижесінде Алматының әр ауданынан екі мектептен, жалпы 16 білім беру ұйымы байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.

Қазір байқаудың келесі кезеңі өтіп жатыр. Ол 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Бағалау барысында мектеп аумағының жағдайымен қатар, оқушылардың, педагогтер мен ата-аналардың экологиялық жобаларға қатысуы, тәрбие жұмысы, инновациялық және цифрлық шешімдер де ескеріледі.

Байқау "Таза Қазақстан" қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған. Үздік тәжірибелерді Алматыдағы басқа білім беру ұйымдарына тарату жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу