Алматыда 16 жасар жасөспірім қоқыс төгуге шығып жоғалып кетті

543

Жасөспірімнің хабарсыз кеткеніне 1 апта болған.  

Алматыда 16 жасар жасөспірім қоқыс төгуге шығып жоғалып кетті Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматы қаласының тұрғыны Аида Мұсаева 16 жастағы Айдос есімді оқушысының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұғалімнің айтуынша, Айдос Мамыр-3 ықшамауданында шамамен 10:54-те үйден қоқыс төгуге шыққан. Бірақ, қоқыс жәшігіне жетпеген. Соңғы дерек бейнебақылау камерасы оны автотұрақ маңынан түсіріп алған.

Аида Мұсаеваның айтуынша, ешкіммен жанжалдаспаған, ескертусіз кетіп қалатын бала емес.

"Айдос – менің ұстазымның баласы, әріптесімнің ұлы әрі менің оқушым. Ол Қызылордадан келген, Алматыда ем қабылдап жүрген. 29 шілде күні полицияға ресми түрде арыз жазылды. @lider.kz еріктілері Айдостың жоғалғанын растады. Бұл оқиға қашып кетуге ұқсамайды. Ата-анасының ешқандай қарызы, отбасылық қиындықтары да жоқ. Құрметті, ағайын, егер Айдос туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, дереу хабарласыңыз", – деп жазды Аида Мұсаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу