Алматыда 165 армениялық көлік әлі тіркеуден өтпеген

602

Армениялық автокөліктерді тіркеу науқаны осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Алматыда 165 армениялық көлік әлі тіркеуден өтпеген

Арнайы брифинг өткізген Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, ҚР азаматтары 2019 жылы Алматы қаласының аумағына Армениядан 501 автокөлік әкелген. Оның 89-ы 2020 жылға дейін тіркелсе, 1 маусымнан бері 233 автокөлік тіркелген. Ал тіркеуге жатпайтын рөлі оң жақтағы көлік саны – 125. 14 тамыздағы жағдай бойынша тіркелмеген 165 көлік құралы қалған. 

"Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарының иелерін хабардар ету жөніндегі тиімді жұмыс үшін әскери және жеке құрамның қызметкерлері аталған санаттағы көлік құралдарының иелері арасында таратылатын жадынама қазақ және орыс тілдерінде жасалды. ПД Колл-орталығының қызметкерлері бұл автокөлік құралдарын тіркеу шарттары туралы хабардар ету үшін көлік иелеріне қосымша қоңыраулар жасайды", – дейді полиция департаментінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұл науқан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.  

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу