Алматыда 165 қылмыстық топтың жолы кесілді

738

Оның ішіндегі 23 топ көлік тонаумен айналысып келгендер.

Алматыда 165 қылмыстық топтың жолы кесілді

Алматыда жарты жылда 165 қылмыстық топтың жолы кесілді. Оның ішінде 23 топ нақты көлік тонаумен айналысқан, деп хабарлайды Atameken TV.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қылмыстық ұйым пәтер тонап келген. Олардан бөлек, қолға түскен 159 ұрының барлығы 406 ұрлық жасағандығы дәлелденген. Ұсақ ұрлықпен күн көрген тағы 260 қылмыскер ұсталыпты. Олар қоғамдық көлікте, сауда орталықтары мен базарларда баукеспелікпен айналысқан.

Алматыдағы қоғамдық кеңестің төрағасы Рахмен Алшанов  қала әкімдігі мен президент әкімшілігіне ішкі істер министрлігінің реформасына қатысты ұсыныстарын жібергендігін мәлімдеді. Қоғамдық кеңес алаңында сарапшылар, құқық қорғау органдарының ардагерлері, мемлекеттік емес ұйым мүшелері өз ойларын ортаға салып, талқылаған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу