Алматыда 18 кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматы ұсталды

565

Олар базарда жүрген жерінен ұсталған.

Алматыда 18 кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматы ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыдағы базарда кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматтары анықталды.

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, “Учаске” іс-шарасы аясында қаланың орталық киім базарына іргелес аумақ тексерілді.

"Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы. Оның 18-і кәмелеттік жасқа толмаған. Бұл – 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Жасөспірімдер тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Алматыда осы күндері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу