Алматыда 18 мамырдан бастап ақылы тұрақтар іске қосылады

917

Карантинге байланысты бұған дейін сатып алған барлық абонементтер мен резиденттік келісімдер автоматты түрде созылатын болады.

Алматыда 18 мамырдан бастап ақылы тұрақтар іске қосылады

Алматыда 18 мамырдан бастап ақылы тұрақтардың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"18 мамырдан бастап тротуарлық типтегі тұрақтар қайта іске қосылады. Базарлар мен мекемелердің жанындағы алаңдық тұрақтар қашан ашылатыны жақын арада белгілі болады. Карантинге байланысты бұған дейін сатып алған барлық абонементтер мен резиденттік келісімдер автоматты түрде созылатын болады", –деді "AParking" компаниясы Facebook парақшасында.

Алайда әкімдік жұмыстың қайта жанданғанына қарамастан әкімнің өкіміне сәйкес карантиндік шараларды алған жоқ.

"Барлық паркоматтар санитарлық өңделетін болады. Тұрақ ақысын қолғап киіп алып төлеуге, қашықтықты сақтауға кеңес береміз. Ең абзалы онлайн төлем жасаған дұрыс. iOS пен Androidте "Парковки Алматы" мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береміз", – деді компаниядан.

Төтенше жағдай кезінде қала тұрақтары ақысыз болған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу