Алматыда 18 жастағы жігіт жоқ пәтерлерді жалға берген

185

Жоқ пәтерлерді жалға берген алматылық жігіт ұсталды.

Алматыда 18 жастағы жігіт жоқ пәтерлерді жалға берген Фото: Pixabay.com

Ішкі істер министрлігі ведомстволық сайтының мәліметінше ол азаматтарды интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастыру арқылы алдап келген. Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тергеу мәліметінше ол шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беру туралы ойдан шығарылған ұсыныстарды жариялап, тұрғындардан алдын ала төлем, кейбір жағдайларда тіпті толық жалдау ақысын да алған. Бүгінде полицейлер оның заңға қайшы әрекеттерінің шамамен 30 эпизодын анықтады",  дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Күдікті жолға қойылған схема арқылы әрекет етіп, азаматтардың сенімін теріс пайдаланған. Біз жәбірленушілердің толық шеңберін анықтау бағытында жедел іс-шараларды жалғастырып жатырмыз. Қала тұрғындарын онлайн мәмілелер жасағанда, әсіресе пәтер жалдауға қатысты келісімдерде аса мұқият болуға шақырамыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу