Алматыда 185 мың адам МӘМС аясындағы дәрігерлік көмектен қағылуы мүмкін

522

Алматыда 185 мың адам МӘМС аясындағы дәрігерлік көмектен қағылуы мүмкін

Алматыда 185 мың адамның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында мәртебесін анықтамаған. Сол себепті олар жүйе енгізілген соң МӘМС аясындағы медициналық көмектен қағылуы мүмкін, деп хабарлады қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мамандарының айтуынша, қазір елде МӘМС жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Дәл қазір жұмыс берушілер жұмысшыларына өздері төлем жасап отыр. Кейін МӘМС аясында жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылардың өздері үшін төлейтін болады.

"Жыл басынан бері 57,7 мың адам мәртебелерін бекітті. Оның ішінде 24 мың адам жалдамалы жұмысшы ретінде немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Бірақ қазір Алматы бойынша 185 мың тұлға өз мәртебесін анықтамаған. Бұл азаматтарға МӘМС аясында медициналық көмектен қағылу қаупі бар. Ол үшін ресми жұмыс істейтін адамдар еңбек келісімшартын жасауы тиіс. Кәсіпкерлікпен айналысатын болса, салық органдарына тіркелуі керек. Егер, адам жұмыссыз болса, жұмыспен қамту органдарына жазылуы қажет. Құзырлы органдар жұмыссыздарды оқытып, жұмысқа тұруына септігін тигізеді. Алматы тұрғындары мәртебесін қалалық жұмыспен қамту орталығына 8 (7173) 41 04 60 телефонына хабарласу арқылы біле алады", – деп хабарлады департамент мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу