Алматыда 186 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр

114

Былтыр шаһарда құқық бұзушылықтар саны 11,9%-ға, қылмыстар саны 11,8%-ға азайған.

Алматыда 186 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов 2025 жылдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, былтыр құқық бұзушылықтар саны 11,9%-ға, қылмыстар саны 11,8%-ға азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстар 3,8% төмендеген. Оның ішінде кісі өлтіру, қарақшылық, тонау және ұрлық сияқты қылмыс түрлерінің азайғаны байқалған.

Айдын Қабдұлдинов қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі – цифрландыру екенін атап өтті. Қазір Алматы қаласында 186 мыңнан астам бейнебақылау камерасы бар, оның 66 мыңнан астамы жедел басқару орталығына қосылған.

– Олардың көмегімен шамамен 1,5 мың қылмыс ашылып, 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Камералар – жазалау құралы емес, ең алдымен құқық бұзушылықтың алдын алу мен азаматтарды қорғаудың тиімді тетігі, – деді департамент басшысы.

Ал мектептер мен балабақшаларда 17 мыңнан астам камера орнатылған және мемлекеттік білім беру ұйымдары 100% полициямен байланысы бар дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 15 мыңнан астам камерада жасанды интеллект элементтері қолданылып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу