Әкімдік меншік иелеріне заң аясында тиісті өтемақы төленетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы әкімдігі Қайрат шағынауданындағы 197 жер учаскесін мәжбүрлі түрде алу туралы қаулы қабылдады. Қала билігінің мәліметінше, бұл аумақта "Шығыс қақпасы" полицентріне дейін Бұқтырма көшесіне шығатын жол салу жоспарланған.
Алайда жергілікті тұрғындар бұл шешімге наразылықтарын білдіріп отыр. Бұған дейін Қайрат тұрғындарымен қоғамдық тыңдау өткен. Көпшілік үйлердің сүрілуіне қарсы екендіктерін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу