Алматыда 1979 жылдан бері қызмет етіп келген жылу құбыры жаңартылады

203

Гоголь көшесінің солтүстігіндегі, Әуезов пен Розыбакиев көшелері аралығындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жылу құбыры жаңартылмақ.  

Алматыда 1979 жылдан бері қызмет етіп келген жылу құбыры жаңартылады Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аясында ескі инфрақұрылым кезең-кезеңімен ауыстырылып жатыр. Бұл құбыр 1979 жылы пайдалануға берілген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 1,2 шақырым болатын жылу магистралінің жаңғыруы 120-дан астам нысанның жылумен үздіксіз қамтылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, Алмалы және Жетісу аудандарының тұрғындары жаз мезгілінде ыстық сумен тұрақты қамтамасыз етілуі үшін уақытша құбыр желісі тартылмақ.

Уақытша желіні қосу үшін 2025 жылғы 2 мамырда сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Төле би, Каримов, Рысқұлов және Чокин көшелері аумағындағы бірқатар тұрғын үйлер мен нысандарда ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Айта кетейік, биыл Алматыда жалпы ұзындығы 39 шақырым болатын жылу желісін жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл шаралар қаланың жылу жүйесін қауіпсіз әрі тиімді етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу