Алматыда 1980 жылдан бастап пайдалануға берілген 1,5 шақырымнан астам құбыр жөнделеді

268

Алматыда 40 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген құбыр жөнделмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда 1980 жылдан бастап пайдалануға берілген 1,5 шақырымнан астам құбыр жөнделеді Фото: Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылдың 3-15 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Жетісу ауданы Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін көлік қозғалысы жабылады (Бродский көшесі, 37Г).

"Алматы жылу желілері" ЖШС қозғалыстың екі бағытта да шектелетінін мәлімдеді.

"1980 жылы пайдалануға берілген аталған көше бойындағы 1502,5 метр құбырды ауыстыру кезіндегі жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 73 нысанды жылы және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Реконструкция кезінде осы аумақта тұратын тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету тоқтамайды", –  деп жазды мекемеден.

ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуға және көрсетілген аймақты айналып өтудің жолдарын алдын-ала ойластыруды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу