Алматыда 2 айдың ішінде 300 орындық инфекциялық госпиталь салынды

697

Мегаполистегі 32 стационардың жалпы қуаттылығы 7226 орынды құрайды. 

Алматыда 2 айдың ішінде 300 орындық инфекциялық госпиталь салынды

Алматыда екінші модульді инфекциялық госпиталь науқастарды қабылдауға дайын. Екі айдың ішінде салынған ауруханада 30 жансақтау палатасы мен 300 төсек-орын бар. Барлық төсектер медициналық құралдармен жабдықталған. Мұндағы науқастардың жағдайы автоматтандырылған жүйе арқылы тәулік бойы қадағаланады. 

Мекеме қаланың медициналық ақпараттық жүйесі және PACS-дағы барлық рентгендік, КТ және МРТ мәліметтерін жинақтайтын цифрлық базасына қосылған.

"Клиника заманауи КТ, рентген, УЗИ аппараттарымен жабдықталған және жеке қуатты зертхана да бар, мұнда сараптаманың барлық түрлері, оның ішінде КВИ-дің ПТР диагностикасы да жасалады. Госпиталь ауаны тазарту, оның ішінде жауын суын да залалсыздандыруды, медициналық қалдықтарды утилизациялауды қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, абаттандыру кезінде 2 гектар аумақ  көгалдандырылды — газон  жасалып, қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды", – деп хабарлады әкімдікте. 

Госпиталь 12 блоктан, оның ішінде 8 палаталы бөлімдерден тұрады. Сонымен қатар, асхана мен кір жуатын орын да қарастырылған. 

"Төрт айдың ішінде біз ең заманауи құрылғылармен жабдықталған үш толыққанды аурухана салдық. Бұлардың барлығы қала тұрғындарының дендерінің сау болуы үшін жасалуда", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында 500 орынды инфекциялық клиника салынған.  Сонымен қатар, жуырда 200 орындық жеке коронавирусты емдеуге бағытталған госпиталь ашылады, осылайша жаңа модульді госпитальді ескере отырып, мегаполисте КВИ науқастарын емдеуге арналған 1 мың жаңа төсек-орын әзірленді. Осылайша Алматыдағы 32 стационардың жалпы қуаттылығы 7226 орынды құрайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу