Алматыда №31 және №81 бағыттағы автобустар жаңарды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
№2 автобус паркі видеобақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған "Yutong" маркілі төмен еденді көліктермен толықты.
№31 бағыт бойынша "Қазақфильм" ықшам ауданы мен "Барлық" базарының арасына жылжымалы составтың 17 бірлігі қатынайды. №81 бағытта Қожабеков көшесінен 71 разъезге дейін 14 автобус жүретін болады.
Қалада автобустарды жаңарту жұмысы одан әрі жалғасады. Жыл басынан бері қарай мегаполис жолдарына 125 жаңа автобус шықты. Биылғы жылы тағы 430-дан астам жаңа автобус алу жоспарланған, оның ішінде газбен жүретін төмен едендісі – 200.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу