"Жыл соңына дейін Алматыда 2 млн 604 мың шаршы метрден аса тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен - 248,5 мың шаршы метр немесе 3 266 пәтер. Айта кетерлігі, 2014 жылдан 2020 жылға дейін тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 1 330,8 мың шаршы метрден 2 401 мың шаршы метрге дейін немесе 1,8 есеге өсті", – деді шаһар басшысы.
Мегаполисте баспанаға мұқтаждарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және қалалық бағдарламалар іске асуда. Қазіргі кезде "Шаңырақ" пилоттық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдануда, биыл жыл басынан бері жеке үй сатып алуға 800-ден астам несие берілді.
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша Алматыда жеңілдетілген несиелер саны 272-ден 1010-ға дейін өсті. Жергілікті бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінді, осы бағдарлама бойынша көпбалалы отбасыларға 220 несие берілді.
"Алматыда екінші жылы қатарынан "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба бойынша 35 жасқа дейінгі 1000 алматылық жеңілдікпен несие алып, баспаналы бола алады. 2021 жылы осы бағдарлама аясында 116 отбасы баспаналы болды. Бұдан өзге, 2 мың азаматқа алғашқы төлемнің бір бөлігін жабу мақсатында тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Құралай Құдайберген