Алматыда 2 мың ата-ана вакцинадан бас тартты

537

Елімізде қызылшаға шалдыққандардың саны 180-нен асып кетті.  

Алматыда 2 мың ата-ана вакцинадан бас тартты Фото: inform.kz

Бірақ, соған қарамастан 2 мыңнан астам ата-ана балаларына жұқпалы ауруға қарсы екпе салдыртудан бас тартып отыр, деп жазады inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Дәрігерлер мұның соңы қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені балалар арасында А гепатитін жұқтыру жиілеген. Жақсылық Байшығашев баласына екпе салдыруға әуелде қарсы болған. Ол препараттың пайдасына күмәнмен қарағанын айтады. Бір жарым жасында салынуы керек вакцинаны, ұлы екіге толғанда бір-ақ алып отыр.

Егілмеген балаларда инфекция ауыр түрде, көп жағдайда асқынуларға алып келеді. Пневмония – өкпенің қабынуы, вирустық қабыну емі жоқ. Көп жағдайда өлім-жітімге әкеп жатады. Балаларда ғана емес ересек адамдар арасында. Одан басқа көздің қабынуы кезінде адам өмір бойына соқыр болып қалуы мүмкін. Сол сияқты мидың қабынуы, деді Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы.

Қызылша жыл сайын таралатын ауру. Дегенмен былтыр елде аталған вирусты жұқтырған 4-ақ адам тіркелген болса, биыл сырқаттанғандар 187-ге жетті. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу