Алматыда 2 мыңға жуық адам карантин талаптарын бұзды

639

Өткен тәулік ішінде 34 жүргізуші қала бойынша заңсыз жүргені үшін ұсталды.

Алматыда 2 мыңға жуық адам карантин талаптарын бұзды

Алматыда карантин енгізілгеннен бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1 мың 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 577 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 1 мың 54 адамға айыппұл салынды, 334 адамға ескерту жасалды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. 

"ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 бөлімі - көшеде негізсіз жүргені үшін 1 мың 561 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 401-і қамауға алынды, 870 адамға айыппұл салынды, тағы 290 адамға ескерту жасалды. ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 1 бөлімі – бақылау-өткізу пунктерін айналып өтіп, қаланың кіру тәртібін бұзғаны үшін  397 адам әкімшілік жауапкершіліккетартылды, олардың 169-ы қамауға алынды, 184-іне айыппұл салынды, 44 адамға ескерту жасалды. Қалада орнатылған 41 бекетте 54 мыңнан астам көлік тексерілді.  Өткен тәулік ішінде 34 жүргізуші қала бойынша заңсыз жүргені үшін ұсталды, оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.
 
Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу