Алматыда 2 мыңнан астам адам саяжайларына барды

792

 29 сәуір күні 1021 автокөлік пен 2093 адам саяжайларына бару үшін бақылау-өткізу пункті арқылы қаладан шыққан.

Алматыда 2 мыңнан астам адам саяжайларына барды

Алматыда 2 мыңнан астам адам саяжайларына бару үшін қаладан шықты, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Талдауға сәйкес, 29 сәуір күні 1 мың 21 автокөлік пен 2 мың 93 адам саяжайларына бару үшін бақылау-өткізу пункті арқылы қаладан шыққан. Олардың көпшілігі блок-бекеттерден жаяу өткен.

"Бақылау-өткізу бекеттерінде жұмыс істейтін қызметкерлермен әрбір адамның жағдайы жеке қарастырылды. Қарт адамдарға ауыр қораптарды, көшеттері бар қораптарды тасымалдауға көмектестік. Бұл іске еріктілер де жұмылдырылды. Саяжайларға барғысы келетін азаматтардың негізгі ағымы Первомайка саяжайлары, Есік саяжайлары, Қаскелең саяжайларының және Іле өзені бағыттарындағы посттарда байқалды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Еске сала кетсек, 28 сәуірден бастап Алматы тұрғындарына облыстағы саяжайларға баруға рұқсат етілді. Бұл туралы шаһар басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеген болатын. 

"Қала тұрғындарына өз саяжайларына, оның ішінде Алматы облысында орналасқан саяжайларына баруға рұқсат етіледі. Ол үшін ешқандай қосымша өтініш берудің қажеті жоқ", – деген Ерлан Қожағапанов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу