Алматыда 2 шағын ауданда су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталды

125

Жоба мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылды.  

Алматыда 2 шағын ауданда су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталды Фото: Бейнероликтен

Алматының Наурызбай ауданындағы Ақжар (2-кезек) және Қарағайлы (1-кезек) шағын аудандарында су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталып, нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба прокуратура органдарының жұмысы нәтижесінде мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Жоба аясында 43,7 шақырым су құбыры және 40,8 шақырым кәріз желісі тартылды. Жаңа инфрақұрылым қаланың тау бөктеріндегі аудандарындағы 10 500 тұрғынды сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Мемлекетке қайтарылған қаражаттың осындай инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалуы оның тиімді пайдаланылуының тағы бір мысалы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу