Алматыда 20-39 жас аралығындағы азаматтар вирусқа жиірек шалдығады

697

Олардың сырқаттанғандар арасындағы үлесі 39%.  

Алматыда 20-39 жас аралығындағы азаматтар вирусқа жиірек шалдығады

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада ауруды

20-39 жас аралғындағы азаматтар көбірек жұқтыратынын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында науқастар көп тіркелуде. Оның себебі - жастар каранин талаптарын жиі бұзылады. 20-39 жас аралығындағылардың науқастар арасындағы үлесі 39%. Бұл ең жоғары көрсеткіш. Ал 40-59 жас аралығындағылардың үлесі 25%. Бұл дегеніміз әр төртінші науқас. Алматыда мутацияланған штамдар анықталды. Сондықтан, талаптар қатаңдатылуда", - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар шаһардың бас санитар дәрігері қала тұрғындары көбінесе індетті қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарынан жұқтыратынын айтты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу