Алматыда 20-дан астам адам отшашудан зардап шекті

952

Алматыда 20-дан астам адам отшашудан зардап шекті

Жаңа жыл түні отшашулар салдарынан жарақат алған біраз адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жаңа жыл түні қаланың әр ауданынан отшашудан жарақат алған адамдар ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 21 адамға көмек көрсеткен, олардың 15-і – кәмелеттік жасқа толмағандар.
"Зардап шеккендердің ең кішкентайы – 2 жаста, ал ересектердің алды – 44-те. 21 оқиғаның 12-сінде петарда қолда жарылып кеткен, тоғызында петарда ұшу траекториясын өзгертіп, адамның денесіне тиген. Бұдан өзге 11 - көз күйігі, 6 - бет-ауыз күйігі, 4 әртүрлі дене мүшелерінің күюі тіркелген", - делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хабарламасында.
ТЖД мәліметінше, Алматыда отшашу салдарынан болған өрт оқиғасы тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу