Алматы қаласының жастар ұйымы елорданың 20 жылдығына арнап 20 метрлік торт дайындады, деп хабарлайды 24.kz.
Алматыда Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесі бұл жолы жаңа форматта өтті. Арбатқа жиналған жұмыс іздеушілер алдымен мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады. Жастар жағы "Астана жүрегімде" деп аталған флешмобқа қатысты.
Ал өнерсүйер қауым үшін тамаша сурет көрмесі ұйымдастырылған.
Жыл басынан бері Алматыда 8 мың адам еңбекпен қамтылған. Оның 5 мыңға жуығы тұрақты, ал 3 мыңы уақытша жұмысқа орналастырылды.
"Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында биыл 670 адам оқу курстарына жіберілген.
"Қазіргі таңда қызмет көрсету саласындағы мамандықтарға сұраныс көп, сату менеджерлері, қонақүй бизнесі және де шаштараздар", - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Дәуірбек Әбуов.