Алматыда 20 минутта 2 рет жер сілкінді

438

Бұл туралы "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық станциялар желісі хабарлайды.

Алматыда 20 минутта 2 рет жер сілкінді Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін Алматыда жергілікті уақытпен сағат 16:33-те және 16:50-де жер сілкінді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

"Алғашқы тіркелген жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 464 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 35 км. Эпиошақ координаттары – 43.50° с.е. 82.62° ш.б. Ал, екінші жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 582 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 65 км. Эпиошақ координаттары – 38.82° с.е. 73.14° ш.б. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ", – делінген хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу