Алматыда 20 млрд теңгеге 200-ден астам көше жөнделмек

561

Мегаполисте 2023 жылға арналған жол-жөндеу жұмыстарының жоспары бекітілді.  

Алматыда 20 млрд теңгеге 200-ден астам көше жөнделмек Фото: inbusiness.kz

Орташа жөндеумен ұзындығы 200 км болатын 200-ге жуық көше қамтылады деп жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл мақсатта қала бюджетінен 20 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар сараптама алғаннан кейін сәуір айында басталады. Магистральды көшелерді орташа жөндеу жаздың аяғына дейін аяқталып, ал аудандық маңызы бар көшелер қараша айына дейін жөнделеді", - делінген хабарламада.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жөндеуді бастамас бұрын аудандар бойынша жұмыс жүргізудің нақты мерзімдері көрсетілген тізімдер жария етілмек.

Бұдан басқа 6 шағын ауданда 30 шақырым жаңа жол салынады. Жолдар инженерлік коммуникацияларды төсеу аяқталған кезде 2023-2024 жылдары пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу