Алматыда 20 жастағы спортшыны пышақтап кеткен

220

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Алматыда 20 жастағы спортшыны пышақтап кеткен Фото: stan.kz

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желі қолданушылары Наурызбай ауданындағы Алатау даңғылының бойында полиция көліктерінің жиналып, кептеліс пайда болғанын жазған. Ал 2GIS картасындағы пікірлерде жол бойында әлдекімдердің жас жігітті пышақтап, өлтіріп кеткені жазылған. Кейбір БАҚ мәліметінше, қаза тапқан жігіт  кикбоксер Әли Серік.

"Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу