Алматыда 200-ден аса үй газсыз қалды

582

Жүк көлігі газ құбырына соғылған.  

Алматыда 200-ден аса үй газсыз қалды Фото: Казинформ

Алматыда жүк көлігі газ құбырына соғылып, Қайрат ықшам ауданындағы 249 жеке тұрғын үй газсыз қалды.

Бұл туралы  "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметінің хабарлады. 

"Апат 23 қыркүйек күні Түрксіб ауданындағы "Қайрат" ықшамауданында болды. "КамАЗ көлігі ДУ-108 мм орташа қысымды газ құбырына соғылды. Нәтижесінде газ желісінің L-5м зақымданды. Сондықтан 249 тұрғын үйге берілетін құбырларға газ жіберу тоқтатылды", – деп хабарлады акционерлік қоғаның баспасөз қызметі. 

Алматы қалалық Полиция департаментіне жол-көлік оқиғасына қатысты арыз түсірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу